«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

Конституция-мемлекет дамуының негізі

28.08.2018

 28 тамыз күні Конституция күніне орай Орталық аудандық кітапханада  оқырмандары үшін «Конституция-мемлекет дамуының негізі» атты тарихи саяхат өтті. Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік сананың тиімділігін арттыру, мемлекеттік-құқықтық жүйенің және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту болып табылады.

          «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі А.Т. Талтыкеева еліміздің негізгі  заңы - Конституция, біздің мемлекет азаматтарының құқықтары туралы баяндама жасады. №1 ОМ мұғалімі А.А. Лымарь біздің еліміздің конституциялық құрылысы туралы әңгімелеп берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Х. Аслиев  және Федоров аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.А. Шашкова өз сөзінде заң, құқықтар мен міндеттердің орындалу жағдайына тоқталды. Жастар орталығының заңгері С.Д.Уразбаев Конституцияның негізгі баптары туралы, бүгінгі күні елімізде өмір сүріп жатқан бұл негізгі құқықтық құжат барлық мемлекеттік заңнаманың негізі болып табылатындығы туралы әңгімелеп берді. «Болашақ» аудандық жастар-қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н.В. Ермак Қазақстан жастарының қандай құқықтары барын және олардың міндеттеріне  ерекше назар аударды. Іс-шараға қатысқандар Қазақстан Республикасының Конституциясына деген көзқарасын білдірді. Іс-шара барысында кітапханашылар «Жаратылыс құжаттары» кітап көрмесімен танысты. Қатысушылардың назарына «Конституция күні» бейнеролигі ұсынылды.