«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Жаз - көпшілік үшін көптен күткен уақыт. Көптеген жоспарлар, үміттер, жаңа оқиғалар жазбен байланысты. Ал кітапханашылар үшін бұл кітапханаға жаңа оқырмандарды тартудың тағы бір жағымды себебі. Осы мақсатта 25 шілдеде Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары ашық аспан астында «Жазда кітап  оқуға шақырамыз» акциясын өткізді. Ауыл тұрғындарына кітапханаға жазылып, аудан орталығының алаңында орындықта орналасқан кітаптармен танысу ұсынылды. Фантастикалық, тарихи, шытырман оқиғалар, детективтік, романтикалық, ғылыми-танымдық шығармалар Федоровтықтардың қызығушылығын тудырып, кітапханаға жазылуға себеп болды.