«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

«Терроризм - қорғансыздарға қарсы соғыс»

03.08.2023

3 тамызда Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Терроризм – қорғансыздарға қарсы соғыс» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапханашылар кітапханаға келушілерге терроризмнің бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген басты қауіпке айналғанын, оның жолын кесу бүкіл халықаралық қауымдастықтың ортақ ісі екенін айтты. Терроризм еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді, оған мемлекет, қоғам және әрбір саналы адам толықтай қарсы тұруы керек.