«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Федоров орталық аудандық кітапханасы оқырмандар назарына Конституция күніне арналған «Жасампаздық құжаты» атты кітап көрмесін ұсынды. Көрме үш бөлімнен тұрады. Көрмеге Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының құрылуы туралы баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар, мемлекет және құқық тарихы туралы әдебиеттер, Қазақстанның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағынан басталатын заңдар туралы әдебиеттер топтастырылған.