18 тамызда Қостанай қаласының Қала күнін мерекелеу аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Kostanay Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, «Kostanay Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында белгілі ақын-жазушылармен, баспа өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесу өтті. Осы іс-шараларға Федоров ауданының кітапханашылары атсалысты.