«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

2023 жылдың 2 қыркүйегінде атақты әйел, Ұлы Отан соғысына  қатысушы, жерлесіміз Лобач Нина Климентьевнаның туғанына 100 жыл толуына орай , осы айтулы күнге Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Әйел. Тарих. Тағдыр» протрет-кешін өткізді.  Кітапханашы Нина Климентьевнаның өмірбаяны, еңбек және соғыс кезеңдері туралы айтып берді.  Нина Климентьевнаның бұрынғы қызметкері Баймурзина Әсия Нұрахметқызы, бұрынғы тәрбиеленушісі Лобач Л.Ф. және немересі Юдт И.М. өз естеліктерімен, алғыс сөздерімен  бөлісті. Ұзақ уақыт бойы Нина Климентьевна  біздің кітапханамыздың қалаулы  қонағы болды, өз кезегінде, кітапханашылар құрметті оқырман - ардагрге әлі де баруды жалғастыруда.

Нина Климентьевна бүгінгі күнге дейін өзінің ұстанымдарына берік: адамдарға әрқашан пайдалы болу ,Федоров ауданының тұрғындары арасында үлкен құрметке ие. Портрет – кеші «Ғажайып әйел әлемі» атты тақырыптық бейнероликпен толықтырылды. Шара соңында барлық жиналғандар «Нина Климентьевна Лобачтың ұлы ерлігінің ізімен» атты кітап көрмесімен танысуға шақырылды. Онда біздің  даңқты жерлесіміздің өмірбаянынан сыр шертетін деректі материалдар, жене жеке отбасы мұрағаты бар.