«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Федоров кітапхана жүйесінің маманы Д.Т. Оразалиннің отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысты. Байқаудың аудандық кезеңінде олар бірінші орынды иеленіп, облыстық кезеңде біздің ауданның намысын қорғады. «Мерейлі отбасы» байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасының оң бейнесін көтеруге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде отбасы қатысқаны үшін облыс әкімінің дипломымен марапатталды.