5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Қазақстан халқы Тілдері күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары Ы. Алтынсарин мектебінің 9-10 сынып оқушыларымен «Тіл – адам жан дүниесінің кілті» тақырыбында ақпараттық сағатын өткізді. Іс – шара барысында оқушыларға «Алаш» партиясының қайраткері А. Байтұрсынұлы туралы, Қазақстан халқы Тілдері күнін мерекелеу туралы мәліметтер айтылды, қорытындысында викторина өткізілді.