Биыл Федоров ауданының құрылғанына 95 жыл. Осы мерейтойға орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Федоров ауданына - 95жыл!» атты кітап көрмесін дайындады. Онда ауданның пайда болу тарихы мен дамуының негізгі кезеңдері, өңіріміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени – білім берудің қалыптасуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы, өлкетану материалдары ұсынылған: бұл тақырыптық өлкетану материалдары бар папкалар, Федоров ауданының Социалистік Еңбек Ері туралы «Есімдері алтын әріппен жазылған тұлғалар» деген жадынама; П. М. Черныштың «Федоровский район вчера и сегодня» кітабы; ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі халық өмірінің панорамасын ашатын Г. Дильдяевтің фотокітабы, ондағы «Нива без края, счастья река» тарауы Федоров ауданына арналған; «Федоров ауданының еңбек даңқы кітабы»; «В краю хлеба и металла» Қостанай және Торғай облыстарының адамдарының өмірі туралы; Т. Р. Величконың біздің даңқты жерлестеріміз С. К. Тынынбаев пен А. Г. Перевозный туралы «Судьбы, ставшие историей» кітабы және т.б. Көрме біздің Отанымыздың тарихына қызығушылық танытқандардың барлығына қызықты және пайдалы болады.