«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Төлен Әбдіков – атақты замандасымыз

20.09.2023

Кітап оқу - бір ғанибет, ал бүкіл ел бойынша бір кітапты оқу - бұл тамаша!  2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көзі тірі жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқу бекітілді. Жастар арасында отандық авторлардың шығармашылығына қызығушылық таныту мақсатында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары үшін «Төлен Әбдіков - біздің атақты замандасымыз» атты әдеби кеш өткізіп, жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы әңгімеледі. Іс-шараны «Төлен Әбдіковтің айтылмаған ақиқаты» атты тақырыптық бейнеролигімен толықтырды.