«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

«Сіз фильмдер туралы не білесіз?»

12.10.2023

12 қазанда М. Маметова атындағы  Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Сіз фильмдер туралы не білесіз?» атты кітаптар бойынша түсірілген танымал фильмдердің дыбысталуымен киновикторина өткізді. Аталған викторинаға 9 «А» сыныпта  оқушылыры қатысты, басты міндет балалардың не оқығанын және қандай фильмдерді көретінін білу болды.

Викторина 4 кезеңнен тұрды: «Сақ бол», «Кітап оқимыз - фильм көреміз», «Таныс кадр» және капитандар байқауы. Оқушылар мұқият тыңдап, белсенді түрде қатысып, қызығушылық танытты. Іс -шара соңында балалар өздерінің сүйікті кітаптары туралы бөлісіп, сыныптастарына оларды міндетті түрде оқуға кеңес берді, ал жеңімпаз команда естелік сыйлықтармен марапатталды.