18 қазанда Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары ауылшаруашылық колледжінің студенттері үшін «Менің қолымнан барлығы келеді» атты құқықтық ағарту сағатын өткізді. Басты міндет студенттерге негізгі құқықтар мен міндеттер туралы, жынысына, нәсіліне, жасына және діни сеніміне қарамастан, барлық адамдар мен балалардың бірдей құқықтары бар екендігін және оларды заң алдында қорғай алатындығын айтып беру болды. Іс-шарада пікірталас жүргізге, өз пікірін айтуға, өз көзқарасын қорғауда тәжірибе алмасу ұсынылды. Оқушылар азаматтық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, адам құқықтары саласында білім беру мен ағарту қажеттілігін түсінуге тиіс, сондай-ақ міндеттерсіз құқық жоқ, құқықтарсыз міндеттер жоқ деген қорытындыға келді. Балалардың назары тағы да құқықтар мен міндеттердің өзара байланысына және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігіне, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренуге, басқа адамдармен қарым-қатынаста өз мінез-құлқын бақылауға аударылды.