«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

"Менің Отаным - менің Республикам"

24.10.2023

24 қазанда Республика күнін мерекелеуге орай Федоров аудандық орталық кітапханасының оқу залында "Менің Отаным - менің Республикам" атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрменің мақсаты - Тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттау, қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Көрмеде мемлекет пен құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендігі тарихының айтулы сәттері туралы баяндайтын және біздің өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін мемлекет қалыптасуының әртүрлі тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін материалдар ұсынылған: «Межкультурные коммуникации» Б.З. Резванцев, материалдар мен құжаттар жинағы, «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті жолы» М.С. Әшімбаевтың т.б кітаптар көрмеге қойылды.

#RepublicDay #РеспубликаКүні#ФедоровАуданы