27 қазанда Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай атындағы ЖББМ-нің 9 сынып оқушыларымен «Торайғыров туралы бірер сөз» атты мәнерлеп оқуларын өткізді. Іс- шара қазақ ақыны және жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына арналған. Оқушылар оның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, оның өлеңдерін оқуға қатысты. Дайындалған кітап көрмесінде балаларға автордың «Қамар сұлу» поэмасы, орыс және қазақ тілдеріндегі «Қазақстан әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығы, «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» өлеңдер жинағы және т.б. әйгілі туындылары ұсынылды.