5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов пен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн болып табылады. Бұл күнді өткізу шеңберінде, Орталық аудандық кітапхана №4 М. Мәметова атындағы орта мектеппен бірлесе отырып «Ахмет Байтұрсынов және Қазақстан халқының Тілдер күні» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Мектептің Акт залында іс-шараға қатысушыларға «Ахмет Байтұрсынов» жайлы бейнебаяндар көрсетілді, сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Қазақстан халқының Тілдер күні туралы мәлімет беріп, «Тіл – келісім мен достықтың негізі» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады. Аталған мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Өткізілген іс-шара танымды өтті, тыңдармандардың зейін қойып қызығушылық танытқандары сезілді.