«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы әлеуметтік желілердің пайдаланушыларына «Төлен Әбдіктің әдеби көкжиектері» бейнеролигін ұсынды. Бейнероликте жазушының өмірбаяны және «Күзгі парақ», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат», «Өліара», «Равноденствие», «Разума пылающая война», «Оң қол», «Ақшоқыда қыс қатты» романдары таныстырылды. Бұл туындылардың барлығы біздің кітапханада бар. Төлен Әбдіктің шығармашылығы терең рухани және философиялық мәнге ие, оның шығармалары ой батылдығымен, бейнелі тілмен таң қалдырады. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін авторға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. Ол бірінші дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған.
Сілтеме: https://www.instagram.com/p/C0Q8PcbAgVz/