16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеді . Осы күн орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылар «Тәуелсіздік қадамдары» атты кітап көрмесін дайындады. Кітап көрмесі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан басталып, бүгінгі күннің тарихына дейінгі мемлекетіміздің құрылу тарихын көрсетуге тырысты. Көрмеге «Алма-Ата-Желтоқсан 1986 жыл», «Кітап шежіресі» сияқты кітаптар ұсынылды. С. Харченконың «Великая степь», «Заманның жаңа бағдары», Қасым Жомарт Тоқаев «Он делает историю», Қасым Жомарт Тоқаев «Преодоление. Очерки дипломата», «Тәуелсіздік шежіресі» және т.б. кітаптары ұсынылды.