«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

27 желтоқсанда Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары жазушы, әдебиет сыншысы, драматург және аудармашы Асқар Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына арналған кітап көрмесін рәсімдеді.Жазушы - модернист Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық бірегейлікті сақтауға шақырды. Асқар Сүлейменов мұрасында-көптеген аудармалар бар. Оның еңбектерінің арқасында Эрнест Хемингуэй, Михаил Булгаков, Бертольд Брехт, Томас Карлайл, Теннесси Уильямстың шығармалары қазақ тілді оқырманға қолжетімді болды. Асқар Сүлейменовтің шығармашылығынсыз Қазақстанның қазіргі қазақ әдебиеті мен өнерін елестету қиын. Кітап сөресінде «КЕК» және «Шығармалар жинағы»  кітаптары ұсынылды.