«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Біздің оқырмандар – кітапхананың жаны

05.01.2024

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Кітапхана – рухани демалып, бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхананың жүрегі мен жаны – біздің оқырмандар. Олар жасына, іс-әрекетіне, хоббиіне және қызығушылығына байланысты әр түрлі. Бірақ, оларды біріктіретін нәрсе – бұл кітап пен кітап оқуға деген сүйіспеншілік. Федоров аудандық орталық кітапханасында «Біздің оқырмандар – кітапхананың жаны» атты оқырмандарды қайта тіркеу жұмыстары жүргізілді. Тіркеу барысында кітапханашылар алғашқы оқырмандарға шағын кәдесыйлар сыйлады.