«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

8 ақпан күні Федоров орталық аудандық кітапханасында Қазақстан жастары күніне орай «Жастар библиосейшн» – ауылымыздың жас талантарының шығармашылығына арналған «Өнер шеруі – талантыңды аш!» атты шығармашылық кеші өтті. Шараға жастар ресурстық орталығының басшысы И.А. Бекмухамбетова шақырылып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

«Жастар» МҮ вокалистері Гүлнұр Қайсарова, Тоқтар Қуандық, Жандос Мырзахметов түрлі музыкалық аспаптарда ұлттық композицияларды орындады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы колледжінің дарынды студенттері: Д.Гужин, Д.Гужина және А.Бондар өз шығармаларын оқыды. Тоқу мен сурет салудан Е.Литвинова, А.Досымбаева және Н.Дегенбаева өз дарындарын көрсетті. «Жаным» би ансамблінің балаларымен танысу бәріне жағымды тосын сый болды. Балалар би флешмобын ұйымдастырды. Бұл шара біздің ауылда көптеген талантты, ерекше жастардың тұратынын тағы да көрсетті. Бізбен бірге өнер кешінде бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз.