Қазақстан жастары күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Біз жастармыз» атты қызықты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде жастарға арналған және жастар туралы кітаптар ұсынылды. Көрме үш бөлімнен тұрады. «Біз жастарбыз» атты бірінші бөлімде көркем кітаптар, психология бойынша кітаптар да ұсынылған: Синельников В. «Сила намерения как реализовать свои мечты и желания», Раков П. «Такому мама не научит?», Ярский М. «Чего хотят парни?», және т.б. Екінші бөлім «Билейміз және ән айтамыз» музыка және би әлемімен танысуға арналған кітаптар ұсынылды: «100 великих композиторов», Газарян С. «В мире музыкальных инструментов», «Поем и танцуем вып.61», және т.б. Үшінші бөлім «Тоқимын-демаламын», қолөнер әлеміне шақырады. Онда бисер мен тоқу, өріп тоқу жөніндегі кітаптар ұсынылған. М.Я.Балашовтың «500 волшебных узоров на любой вкус», «1000 идей для рукоделия». «Азбука вязания», «Сделай сам» 2023 жылғы журналдары және т.б.