«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Биыл кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Жыл сайын қаһармандық пен қасіретті Ауған соғысына қатысқандарды еске алып, тағзым етеміз. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай атындағы ЖББМ кітапханашысы және оқушыларымен бірлесіп, ауған соғысының жауынгерлері мен жоғары сынып оқушыларына «Ауғанстан: жанды естелік» атты кездесу кешін өткізді.

Іс-шараға интернационалдық борышын орындаған жерлестеріміз: Лукаш Александр Иванович, Булыга Иван Иванович, Ковтун Валерий Анатольевич, сондай-ақ әскери комиссариаттың өкілдері: майор, жұмылдыру бөлімшесінің бастығы Юрий Николаевич Лымарь және әскерге шақыру және әскери жұмыс бөлімінің басшысы Жасұлан Кустанович Қуанбаев қатысты.

Іс-шараға 9 сынып оқушылары, «Жастар» мәдениет үйінің вокалисті Мырзахметов Жандос музыкалық нөмірлер орындады, 11 сынып оқушыларының әскери дайындығын көрсетіп, бейне-материалдар көрсетілді.