«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

2018 жылы 20 қыркүйекте  №1 Дмитров атындағы орта мектепте  жоғары сынып оқушылары үшін «Бір ел- бір кітап» акциясы шеңберінде «Сөнбес жұлдыздар» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шара еліміздің мәдени мұрасын құрметтеуге бағытталған.

 

2018 жылы барлық халықтық оқу үшін алғаш рет үш кітап таңдалып алынды: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» (Три истины), Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» (Наша семья), Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (Не хочу терять надежду). Осы үш шығарманы  авторлардың повестері өздерінің естеліктеріне, шынайы өмірлік оқиғаларына, пікірталастарына негізделгендіктері біріктіреді.

Іс-шарада Шәкәрім Құдайбердіұлының  тақпақтары айтылып, Бауыржан Момышулы мен Немат Келімбетов шығармаларынан үзінділері оқылды.        Әдеби кешті  «Алтын қалам шеберлері» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу және осы кітап авторлары жайында бейне ролик толықтырды.