«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

14 наурыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасында тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Тың оянған өлке» атты өлкетану кеші өтті. Кітапханашылар алғашқы тың жерлер мен тың игеруші адамдар қандай қиындықтарға тап болғаны және осы бір тарихи кезеңнің нәтижелері туралы айтты. Тың игеру Қазақстанның кең даласын алтын алқаптарға айналдырды. Іс – шара барысында тың игерушілердің ерлігі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, кітапханада «Тың деген не?» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде тың және тың игерушілер туралы деректі  және көркем әдебиеттер орналастырылған.