Тағдырға арналған сыйлық: жергілікті ақындардың, суретшілердің, музыканттардың шығармашылығы. 14 маусымда Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров аудандық балалар кітапханасы және Балалар өнер мектебімен бірлесіп «Туған жер» өлкетану жобасы аясында «Тағдырға арналған сыйлық: жергілікті ақындардың, суретшілердің, музыканттардың шығармашылығы» атты арт- салонын өткізді. Көрермен ретінде Абай Құнанбаев атындағы ЖББМ-нің бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашылар «Отан», «Туған жер» ұғымдарымен таныстырып, балалар сөзжұмбақ шешті. Федоров аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары: Уразалинова Лилия, Бабердин Семен, Нахметова Алина, Төлеков Аңсар, бишілер тобы, гитаристер ансамблі, Анисимова Милана, Давыденко Виктория және олардың ұстаздары әртүрлі шығармашылық жанрларда өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар көрермендерге өздерінің сүйікті хоббилері туралы айтып берді, ал ұстаздар Балалар өнер мектебіне қалай түсу керектігі туралы сұрақтарға жауап берді. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті.