«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абай күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Өз халқының лайықты ұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрме төрт бөлімнен тұрады.  Бірінші бөлімде «Ұлы даланың ұлы ақыны» ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын өмірбаяндық сипаттағы әдебиет ұсынылған: «Ұлы Дала тұлғалары» сериясынан «Абай Ибрагим Құнанбайұлы», «Тәуелсіздік және Абай мұрасы», М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және т.б.

«Абайдың асыл мұрасы» жанры жағынан алуан түрлі, интонациялық бай қоғамдық-саяси, философиялық, моральдық лирика, сатиралық мазмұндағы өлеңдер, пейзаждық эскиздер, махаббат Жолдаулары, әйелдер портреттері, поэмалар орналасқан, мысалы: «Мен – жұмбақ адаммын» құрастырушы Г. Белгер, , «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...», «Сен де бір кірпіш дүниеге»,  сондай-ақ  «Қара сөздер». Орыс және шетел шығармаларының аудармалары «Абай және әлем әдебиеті» бөлімінде орналасқан: ABAI «Book of words»; «Үш тілде жиырма өлең» құрастырушы     Г. Бельгер т.б. Бүгінде қазақтың ұлы ақынының шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде белгілі, оның шығармаларын оқиды, аударады, басқа ақындарды, музыканттарды, суретшілерді шабыттандырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар плеиадасына берік енген Абайдың бай мұрасы туралы әдебиет «Абай – мәңгілік халықтың жүрегінде. Абай навечно в сердце народа» бөлімінде орналасқан  Н. Анастасьев  «Абай: Тяжесть полёта»  және т.б.