20 тамызда Федоров орталық аудандық кітапханасында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған «Ұлылар әлемі» әдеби-сазды кеші өтті. Абай шығармашылығы ондаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және қазіргі кезде де өткір әрі өзекті болып қала береді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Г. Валеев, «АМАNАТ» партиясы» ҚБ Федоров аудандық филиалының төрағасы Б.А. Умертаев, Қоғамдық кеңес мүшесі Шашкова Зоя Андреевна, «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Д. Д. Сәрсенбетов қатысты. Іс-шара барысында Рамиль Гадельзянович құттықтау сөз сөйледі, Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н. Жұманалықызы «Абай оқулары» байқауы туралы айтып берді, аудандық «Абайдың Қара сөзі» мәнерлеп оқу байқауына және аудандық «Абай – қазақтың бас ақыны» эссе байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. А. Құнанбаев жазған өлеңдер мен музыкалық шығармалар шырқалды. Іс-шара соңында қатысушылар кітапханада рәсімделген «Өз халқының лайықты ұлы» тақырыбында кітап көрмесінің материалдарымен танысты.