Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Қазақстан – 100 тілдіңғаламы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрады: «Тілсіз халық жоқ» бірінші бөлімінде Қазақстан аумағында тұратын халықтардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге көмектесетін әдебиеттер орналастырылған. Бұл кітаптар: С. Оразалинова «Без языка нет народа», М. Серғалиева «Тілім менің –тінім менің» және т. б. «Тіл – достық пен келісімнің негізі» екінші бөлімінде танымдық сипаттағы әдебиеттер бар: «Қазақстан тілдері: социолигвистикалық анықтамалық», Е. Е. Тілешов «Деловой казахский язык және т. б. «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» тақырыбында үшінші бөлім латын әліпбиіне көшуге арналған және тиісті тақырыптағы материалдарды қамтиды: «Латын әліпбиі: теория, әділет және насихат» және т.б. көрме оқырмандардың кең ауқымына арналған.