«Ауыл кітапханасына - 100 кітап» республикалық акциясы аясында «Л. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ өкілдері: басшының орынбасары Сазанбаева Салима Сабитовна және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Гришина Светлана Салаватовна Успенов ауылдық кітапханасына 101 дана кітап тапсырды. Әр жастағы және әр түрлі жанрдағы кітаптар балалар мен ересектерді қызықтырады.Тапсыру кезінде Воронеж ауылдық округінің әкімі Жұпар Наталья Жупаровна, Федоров ОАКЖ жасақтау кітапханашысы Глухова Татьяна Николаевна және әдіскер Лымар Елена Викторовна қатысты, олар өз кезегінде кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін зор ризашылықтарын білдірді.