«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

26 қыркүйекте Федоров орталық аудандық кітапханасында Еңбек күніне арналған «Адамды адам еткен -еңбек» атты тақырыптық кеш өтті. Бұл іс-шараға оныншы сынып оқушылары қатысты, олар әртүрлі мамандықтардың өкілдерімен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Шақырылғандардың қатарында Федоров ОАА бас дәрігерінің орынбасарының м.а Шугурмаков Сыздык Каирлыевич, еңбек сіңірген кітапханашы Лукаш Светлана Андреевна, шығармашылық ұжымдардың жетекшісі және музыкант Пилипенко Александр Иванович, математика пәнінің мұғалімі Резник Артем Сергеевич болды.

Іс-шара барысында қонақтар өз мамандықтары туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Тақырыптық кештің барысында викториналық сұрақтар қойылып, «Еңбек еткен адамға бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі ұсынылды.