9 қазан күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Халықаралық нан күніне орай «Барлығы нан туралы» кітап сөресі рәсімделді. Бар уақытта және барлық халықтарда нан ерекше құрметтеліп, үстел басында бас орын алатын. Көрмеде ұсынылған кітаптар оқырманға астық және нан өнімдерінің жоғарғы дәрежесінің нығаю тарихымен танысуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ, нан өсірушілер, ұн тартқыштар мен наубайханашылар құрметі және еңбегінің танылуының белгісі ретінде жасалған. Көрме үш бөлімнен тұрады. «Тың: бұл қалай болған...» бөлімінде авторлардың келесі кітаптары ұсынылған: Л.И. Брежнев «Целина», В.Степаненко «Хлеб», « Книга – альбом к 50 – летию начала освоения целинных и залежных земель» және т.б. Бұл бөлімде оқырман Қазақстанда тың игеру тарихымен, шаруашылықтың жаңа салаларының қалыптасуы және дамуымен танысады. «Нан мен ар-ұждан» бөлімінде келесі авторлардың кітаптары көрсетілген: К. Бухметов «Наследники», Т. Р. Величко «Судьбы ставшие историей» және т.б. Бұл бөлімде рекордтық жоғары егін алудың бастауында болған және жанқиярлық еңбегімен жақында босап тұрған жерлерге жан кіргізген адамдар туралы білуге болады. «Наубайхана әлемі – аспаздық өнімдер» бөлімінде келесі кітаптар мен мерзімдік басылымдар ұсынылған: «Дарья», «Домашний очаг» журналдары жән т.б. Бұл бөлімде оқырманға кондитерлік өнімдер, ұннан жасалған бұйымдар және басқа да таңдаулы аспаздық ұннан жасалатын өнімдердің құпиялары ашылады. Көрме оқырмандардың кең ауқымына арналған.