16 қазан күні Халықаралық нан күні атап өтіледі. Осы мереке қарсанында Федоров аудандық орталық кітапхансының кітапханашылары «Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ «Ұлы мәртебелі НАН» атты мейрамын өткізді.
Іс-шара барысында тыңдармандарды мереке тарихымен таныстырып, нан пісірудің пайда болуы және түрлі халықтардағы нанның маңызы туралы баяндап, сонымен қатар «Галилео» телебағдарламасынан мереке тақырыбына байланысты үзінді көрсетті. Орталық қызметкерлері, өз кезегінде, нан-тоқаш бұйымдарының көрмесін ұйыдастырып көрсетті. Іс-шара викториналар мен Людмила Зыкина және Ольга Воронец орындауындағы тақырыптық әндермен сүйемелденді.