«Керемет кітап жөніндегі естеліктер
оны бізге кітап сөресінен
«Оқыңыз, өкінбейсіз!» деп зор
үмітпен күлімсіреген адам туралы
естеліктермен жанымызда
мәңгіге байланысқан»
Заманауи әлемде кітапсыз, кітапханасыз адамның ойлау қабілетінің дамуы мүмкін емес. Қазіргі таңда кітапхана маманы – кітаптар мен мәліметтер әлемінде бағыттаушы. Ол оқырмандарды бағдарлап, оқырманадардың қалауы мен әдебиеттегі үрдістерді біліп, үздіксіз біліктілігін арттыруы тиіс. Кітапханашы – өзін-өзі жетілдіру және дамытуға мүмкіндік беретін мамандық. Кітапханашы күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасы өз қабырғасында қонақтарды – Федоров ауданының кітапханашыларын қабылдады. Олар үшін кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Кітапхана қызметкерлерінің аудандық "Кітапханаларға бағдарлау: жоспарлау 2025" семинарында келесі сұрақтар қарастырылды: "Жоспарлау: оптималды нұсқаларды іздеу", "Кітапхана – жайлы оқу және мәдени демалыс орталығы: жаңа ойлар мен мүмкіндіктер", "Балалар мен жастар ортасында кітапты танымал ету". Содан кейін аудан кітапханаларының 18 жұмыскері арасында біліктілік деңгейін анықтау мен атқаратын лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында аттестация өткізілді. Аттестациялау барысында қатысушыларға тестілеуден өту ұсынылған болатын.
Комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша барлық тестіленушілер аттестатталды, олардың алтауына жаңа дәреже берілді. Аттестаттау қызметкерлердің жаңа білім алуға деген құштарлығын, шығармашылық бастаманы дамытуды, біліктіліктің жоғары деңгейін сақтауға ынталандырады. Семинар аяқталғаннан кейін кітапхана қызметкерлерінің жылдың ең қызық және көптен күткен оқиғасы – бірнеше тапсырмадан: "Визит карточкасы", "Библио - маман", "Классика беттеріндегі сән", "Менің хоббиім, менің дарыным" тұратын, «Кітапханашы 2024» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Сайыс басталмастан бұрын барлық қатысушыларды «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Данияр Дуйсенбекович Сарсенбетов құттықтады. Сондай-ақ ол құрамында Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсібодағының Федоров аудандық комитетінің төрайымы Зоя Андреевна Шашкова, тілдерді оқыту орталығының басшысының міндетін атқарушы Еламан Ахижан, аудандық «Жастар» Мәдениет Үйінің басшысы Гульжан Жумагалиевна Жанатовамен қатар құзыретті және бейтарап әділ-қазы алқасының мүшесі болды. Байқау әр қатысушының кәсіби білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, олардың қиялын, әзіл-сықақ сезімін және әртістігін көрсетті. Әділ сайыс нәтижесінде "Кітапханашы 2024" атағы және гран-при Дубровская Наталья Сергеевнаға – Федоров аудандық орталық кітапханасының жас кітапханашысына берілді.
Басқа қатысушылар – Түрлен Ануар, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, Любовь Берг, Жанахай ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Оксана Бондаренко, Пешков ауылдық кітапханасының кітапханашысы да назардан тыс қалған жоқ. Түрлі номинациялардағы жеңістері үшін оларға естелік сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Іс-шара «Жастар» МҮ әртістері Александр Иванович Пилипенко мен Елена Запорожану орындауындағы әсем музыкалық нөмірлермен сүйемелденді. Іс-шарамызға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Кітапхана – ежелгі мәдени институттардың бірі, ал кітапханашылар – мәдени құндылықтар мен тарих сақтаушылар. Барлық әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға жаңа оқырмандарды да, түзелмес кітап сүйетіндерді де ағартуда үлкен шабыт пен таусылмас ынта тілейміз. Сіздердің білімдеріңіз бен шығармашылық әлеуетіңіз даналық және кітап жаңалықтары әлеміне апарар жетекшіге айналсын. Сіздерге сүйіспеншілік пен бақыт, амандық пен сәттілік тілейміз!