Егемен мемлекет нышанының бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы тұңғыш енгізіліп, 15 қарашада теңге алғаш айналымға енді. Бұлды күнді Қазақстанның ұлттық валюта күні болып саналады.
Ұлттық валюта күніне орай Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары «Теңге – экономикалық тұрақтылық нышаны» кітап көрмесін рәсімдеді.
Көрме үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Барлығы неден басталды», Қазақстанда ақшалай қатынастардың ежелгі кездерден бастап даму тарихын баяндайды. Мында бірінші монеталардың бейнелері ұсынылған.
Екінші «Мұражайдан тиындар» бөлімінде оқырмандар Қазақстанның ұлы адамдары, спорт, мәдениет ескерткіштері, ұлттық дәстүрлерге арналған мерейтойлық және естелік тиындар жөніндегі кітаптармен таныса алады.
Үшінші «Сандық валюта» бөлімінде криптовалюта не екендігі туралы, оның заманауи әлемдегі маңызы туралы әдебиет бар.