2005 жылдан бастап, жыл сайын, барлық елдерде ақпанның бірінші бейсенбісі күні Бүкіләлемдік сайлау күні атап өтіледі. Осы жылы өзінің кәсіби мерекесін сайлау органдарының жұмыскерлері 6 ақпанда атап өтеді. Федоров аудандық орталық кітапханасында Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Марковна Волоткевич кітапхана қызметкерлері мен ардагерлерімен оның барысында елдегі сайлау жүйесіне, оның қалыптасуына және бүгінгі күнге дейінгі болып жатқан өзгерістерге қатысты тарихи деректерді еске түсірген «Қазақстан Республикасында сайлау жүйесінің дамуы» кездесуін өткізді.
Қатысушылар сайлау үрдісі жөнінде өз пікірлерін айтып, олардың бұрын қалай өткендігін еске алды. Өз кезегінде Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары сайлау туралы брошюралар, кітаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға мақалалар бойынша түсініктемелер орналастырылған «Сайлау – бұл болашақ таңдау» тақырыптық көрмесін рәсімдеді.