«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күнінен биыл 36 жыл аталып өтілуде. Жыл сайын қаһармандық пен қасіретті Ауған соғысына қатысқандарды еске алып, тағзым етеміз. Осы жыл да ерекшелік болған жоқ. 13 ақпанда Федоров селосының орталық алаңында митинг және интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
 
 
Кейін Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ мұражайлық бөлмесінде «Ауғаныстан күйдірген жандар» ерлік сағатын өткізді. Кездесуге А.И. Лукаш, И.И. Булыга, А.А.Кириченко, А В. Колесник, В.С. Семенченко, И.И. Яуфман, Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері бойынша бөлім бастығы Жандос Кенестаевич Кенестаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Байдаулетович Қойшығұлов, Абай және Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ оқытушылары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
 
 
Шара барысында сол жантүршігерлік оқиғалардың деректері айтылып, Ауылшаруашылығы колледжінің студенті Владислав Сенаторовпен бірге «Солдат хаты» қойылымы көрсетіліп, Жандос Кенестаевич сөз сөйледі. Ерлік сабағы «Жастар» мәдениет үйінің вокалистерінің орындауындағы музыкалық нөмірлер мен бейнематериалмен сүйемелденді. Сондай-ақ, аудандық орталық кітапханада осы күнге арналған «Ауғанстан – сен мұңсын!» кітап көрмесіне шолу жасалды.