«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25
Халықаралық отбасы күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Отбасы – ел гүлденуінің негізі» кітап көрмесін дайындады. Көрме екі бөлімнен тұрады. «Менің отбасым – менің байлығым» бірінші бөлімінде отбасы тұлғаны қалыптастырудың қажетті факторы, сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақ пен іңкәрліктің қайнар көзі екендігі туралы кітаптар берілген. «Отбасы туралы оқимыз, бүкіл отбасымен оқимыз» екінші бөлімінде отбасының қоғамның негізгі базалық бірлігі болып қала беретіні және барлық адами құндылықтар мен дәстүрлердің басты сақтаушысы екендігі туралы әдебиеттер қамтылған.