31 мамыр күні Федоров аудандық орталық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске салу күніне орай «Адамдар мен тағдырлар» тарихи сағаты өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеев, аудандық мәслихат хатшысы Берік Ескендірұлы Исенгазин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Байдаулетұлы Қойшығұлов, сондай-ақ «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Батыржан Амантаевич Умиртаев қатысты.
Тарихи сағаттың құрметті қонақтары жер аударылған халықтардың ұрпақтары —Александр Яковлевич Герман, Недбайло Лидия Кондратьевна, Малороева Лидия Рожановна болды. Жүргізушілер қуғын-сүргін жылдарындағы ауыр кезең, тарихи деректер мен жапа шеккен тағдырлар туралы айтты. Шара барысында сол уақыттың көрінісін тереңірек сезінуге мүмкіндік берген бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойды.