«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 25.09.25

«Семей полигоны: естелік пен мұң»

Вівторок, 26 серпня 2025
29-тамыз – Қазақстан және барлық әлем тарихындағы маңызды күн. Бұл күні, 34 жыл бұрын, 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын. Осы күн қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «ФАӘҚКО» КММ қызметалушылары үшін «Семей полигоны: естелік пен мұң» ақпараттық сағатын өткізді. Кездесу барысында кітапханашылар кеңестік атом бомбасының құрастырушысы кім болғанын, алғашқы ядролық сынақтар қай жерде және қашан басталғандығын, сонымен қатар, кімнің бастамасымен полигон жабылғандығы туралы айтып берді. Іс-шара тақырыптық таныстырылым және бейнероликтермен сүйемелденді. Осындай кездесулер тарихи жадыны сақтауға көмектеседі және тек ядролық қарусыз ғана әлем шынымен қауіпсіз болатындығын еске салады.
 
#Семейполигоны#естелікпенмұң