«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 25.09.25

Федоров ауылы :кеше,бүгін,ертең

Понеділок, 08 вересня 2025
Федоров ауылының 125 жылдығы ауыл тұрғындары үшін үлкен оқиға болды. «Тәуелсіздік» орталық алаңында киіз үй ішінде аудандық және балалар кітапханаларының кітапаханашылары ересек пен балаларға араналаған ақпараттық- танымдық іс-шаралар өткізді. Киіз үйдің ортасына ауыл тарихын бейнелейтін фотосуреттері бар роллап-баннерлер орналастырылды. Келушілер сол тарихи фотосуреттер арқылы ауыл көшелері,ғимараттары, ауыл алаңы бұрын қандай болғанын және содан бері қалай өзгергенін көре алды. Сондай-ақ , ауылдың тарихына, дамуына, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне, оның тұрғындарына, өткен және бүгінгі оқиғаларға және жергілікті авторлардың шығармаларына арналған кітаптар мен өлкетану материалдары ұсынылған «Федоров ауылы : кеше,бүгін, ертең» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар кітапаханасының кітапханашылары жасөспірімдерге арнап шағын оқу залын ұйымдастырып, кітаптармен танысытырды,танымдық ойындар мен викториналар өткізді. Қатысушыларға кәдесыйлар мен естелік сыйлықтар берілді.