16 қыркүйекте «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» КММ-де «Архив және болашақ ұрпақ» атты Ашық есік күні өтті. Федоров орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров ауылының 125 жылдығына арналған материалдар, сондай-ақ ауылдың тарихы мен атақты адамдары туралы өлкетану әдебиеттері қойылған «Федоровка: кеше, бүгін, ертең» атты кітап көрмесіне шолу жасады.