«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 14.11.25

"KitapТайм" фестивалі аясында Федоров аудандық орталық кітапханасы "Кітапхана – ақпараттық қоғам орталығы" атты ашық есік күнін өткізді. Күн бойы кітапханаға Ы. Алтынсарин атындағы ОМ, М. Мәметова атындағы ОМ және Абай атындағы ОМ-ның оқушылары мен ауыл тұрғындары келді.

Кітапханашылар келушілерге кітап қорын көрсетіп, оның қалай орналасқанын түсіндірді. Сондай-ақ, абонемент, оқу залы, толықтыру бөлімінің жұмысы туралы айтып, библиографтың жұмысымен таныстырды. Экскурсияға қатысушылар кітапханалық каталогты қалай пайдалану керектігін біліп, көрмелерді тамашалады. Көпшілігі өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Экскурсиялар қызықты әрі танымды өтіп, келушілерде жақсы әсер қалдырды.