26 қыркүйек күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы М. Мәметова атындағы ЖББМ оқушыларына арнап «Еңбек – ел өркендеуінің негізі» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушылар еңбектің адам және қоғам өміріндегі маңызы, түрлі мамандықтардың ел дамуына қосқан үлесі туралы білді. Сондай-ақ, балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жұмбақтар шешіп, талқылауларға қатысты. Танымдық сағат қызықты әрі жылы атмосферада өтті. Іс-шара тақырыптық презентациямен және бейнероликтермен сүйемелденді.