9-қазан күні «Бір ел – бір кітап» республикалық жобасы аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Бұл есімдер біздің тарихымызда мәңгілікке қалады» науқанын өткізді. Науқан барысында кітапханашылар ауыл тұрғындарына Такең Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың өмірбаяны мен шығармашылығы жөніндегі ақпараты бар үнпарақтар таратып, сонымен қатар, олардың туындыларымен тұрғындар аудандық кітапханада толығырақ таныса алатындығы жөнінде хабарлады.