15-қазан күні Бүкіләлемдік нан күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Федоров АӘҚКО» КММ «Ас атасы – НАН» нан мерекесін өткізді. Іс-шара барысында тыңдармандарды мереке тарихымен таныстырып, нан пісірудің пайда болуы жөнінде айтып берді және онымен байланысты қызықты деректермен бөлісті. Іс-шара тақырыптық викториналармен, бейнероликтермен, сондай-ақ Александр Борисович Садовскийдің орындауындағы әндермен сүйемелденді.






