30 қазанда Федоровкада «АМАНАТ» партиясы Қостанай облыстық филиалы, облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері, заңгерлер, «Отбасы банкі» АҚ өкілдері және т.б. қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдау барысында орталық аудандық кітапхана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға сауатты да қанағатты жауаптар алды.





