«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Біз интернационалдық борышымызды орындадық

14.02.2019

Біз интернационалдық борышымызды орындадық

 

     4 ақпан күні аудандық орталық кітапханада Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына отыз жыл толуы қарсаңында аудандық және балалар кітапханасының кітапханашылары "Біз интернационалдық борышымызды орындадық" атты еске алу кешін өткізді. Кешке Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Керченов Ержан Серікұлы, Федоров аудандық мұрағатының басшысы Исмухамбетова Ғалия Төлебайқызы, Федоров селосының жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар қатысушыларға ауған соғысының басталу тарихы, оның барысы мен шектеулі контингенттің шығарылуы, қазақстандықтардың осы соғысқа қатысуы туралы әңгімеледі. "Соғыспаған әкелердің соғысқан балалары" -  осылай интернационалист жауынгерлер туралы жиі айтады. Олардың арасында біздің жерлестер де болды. Олар кемелдену табалдырығын аттап, аналарынан жыраққа кетіп, сүйікті адамдарымен қоштасып, сынаққа дайынбыз деп ойлады. Олардың ешқайсысы Ауғанстанда кешегі балаларды не күтіп тұрғанын болжаған жоқ. Жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға шақырып Ержан Серікұлы сөз сөйледі. Ғалия Төлебайқызы қызықты өлкетану материалын ұсынып – сол соғысқа қатысқан жерлестеріміздің фото, марапаттарын көрсетті. Іс-шараны өткізу барысында "Бұл қалай болды...", "Мұсылман батальоны", "Біз кетеміз" бейнефильмдері; «Ауғанның отты жалыны» презентациясы қолданылды. Қатысушылар назарына "Ауғанстан: бауырластық, батылдық, ерлік" атты кітап көрмесі ұсынылды. Е. Запорожанның орындауында "Отан", "Рахмет, өмір!" әндері шырқалды.