Федоров аудандық орталық кітапханада Халықаралық туберкулезбен күрес күніне арналған «Туберкулез-қорқынышқа қарсы білім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде аурудың тарихы және оның пайда болу ерекшеліктері, жұқтыру ықтималдығы туралы әдебиеттер ұсынылып, туберкулездің алдын алу, жұғу жолдары және осы инфекциямен күрес шаралары туралы ақпарат берілді. 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық туберкулез және өкпе аурулары туберкулезге қарсы күрес күні құрылған. Бұл күнді таңдау неміс микробиологы Роберт Кохтың туберкулез қоздырғышын-таяқшаны немесе Кох бацилласын ашқанына 100 жыл толуына орайластырылған. 1998 жылдан бастап Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні БҰҰ-ның ресми қолдауын алды. 24 наурыз күні бүкіл әлемде қоғамның назарын осы қауіпті өкпе ауруына аударуға арналған Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізіледі.