«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

«Даналық сақтау»

кітаптар мерекесі

     26 наурыз күні аудандық балалар кітапханасында Балалар кітабының дәстүрлі апталығы басталды. Кіші және орта жастағы оқырмандармен «Даналық сақтау» мерекесі өткізілді. Балалар 1943 жылғы мерекенің пайда болу тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейін саяхат жасады. Мереке мынадай байқаулармен жалғасты: «Қапта кім бар?», «Әуенді тап», пошташының  жеделхаттары, орыс халық ертегілері мен балалар жазушыларының шығармалары бойынша викторинамен аяқталды. Балалар үшін мереке кезінде Буратиноның пайда болуы жағымды тосын сый болды. Балалар сүйікті кейіпкерлерімен бірге көңіл көтерді, күлді, таныс әуендерді тауып қана қоймай, сонымен қатар қатты қуанды. Қорытынды шығарылды, Г. Черноголовиннің «Сказка об одном зернышке» шығармасы бойынша суреттер байқауы үшін грамоталар берілді.