«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

2019 жылғы 11 сәуірде Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері

СӨС кабинетінің меңгерушісі, облыстық ЖИТС – ке қарсы күрес орталығының штаттан тыс қызметкері Ступник Татьяна Александровнамен бірге "Федоров ауыл шаруашылық колледжі" ММ – де студенттер үшін "ЖИТС-сұрақтар мен жауаптар" лекторийі өткізілді. Кітапханашы өз сөзінде, егерде кез-келген мемлекетте дені сау адамдар өмір сүрсе, онда ол мемлекет мықты және гүлденген болатынын айтып өтті. Өкінішке орай, адамдардың денсаулығына көптеген жағымсыз факторлар әсер етеді, олардың арасында ауыр, кейде жазылмайтын ауруларға әкелетін зиянды әдеттер ерекше орын алады.

Осындай ауыр аурулардың бірі-ЖИТС. Одан әрі әңгімені медицина қызметкері жалғастырды, ол оқушыларға ауру туралы, оны қалай болдырмау керектігін, қайда диагностика жасау керектігін, қажет болған жағдайда көмекке кімге жүгіну керектігін түсіндірді. Тыңдаушылардың назарына дәріс тақырыбы бойынша бейнеролик ұсынылды. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды, алынған ақпаратты талқылауға белсенді қатысты. Дәріс соңында барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер ұсынылды.